|
17.03.2018 | 14:50
1093

Шымкентте қаскөйлер бизнесменнің отбасын қырып салды

Жантүршігерлік қылмыс қаладағы Тассай тұрғын үй алабында болды

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Кеше Шымкенттегі Тассай тұрғын үй алабында белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын қырып салды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, кәсіпкердің әйелі мен енесін өлтірген. Бизнесменнің студент қызы құтылып үлгеріп, полицейлерге болған оқиға туралы хабар берген.

Отағасының фермасы мен бірнеше дәмханасы бар екені белгілі болды. Кәсіпкердің өзіне не болғаны әзірге белгісіз.

Адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ОҚО кәсіпкер
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир