|
08.08.2018 | 23:32
2079

Шымкентте құдалыққа барғандар астан уланып, ауруханаға түскен

«Ауру – астан». Шымкентке құдалыққа барғандар, ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болғандардың саны – он бір.  Барлығына «өткір ішек инфекциясы»  деген бір диагноз қойылыпты. Мейрамхана иесі қонақтар басқа жерден ас ішіп, улануы да мүмкін деп шаң жуытар емес.

Төс қағыстыруға келген құдалар, кенеттен өздерін нашар сезініп, қалалық жұқпалы ауруханадан бір-ақ шықты. «Құда, құда» дескендердің басы қосылған жер  – қаладағы мейрамханалардың бірі. Он бір адам дәрігердің көмегіне бірінен соң бірі жүгініп, бір уақытта ауруханаға жатқызылған.  Науқастардың жағдайы қазір тұрақты көрінеді. Тілшелермен терезе арқылы тілдесуге де тырысты.  

«Сағат кешкі 19.30 шамасында-ақ өзімізді нашар сезіне бастадық, мазасызданып, үйге келіп жедел жәрдем шақырттық. Неден болғанын білмейміз, балық жедік, қымыз іштік. «Қайтпас-2» ықшамауданындағы «Төрлет» мейрамханасында болды», – дейді науқастардың бірі.

Тілшілер тобы «Қайтпас» шағын ауданында орналасқан мейрамханаға барып, иесінен мәселенің мән-жайын сұрады. Кеше ғана қонақтары осы мейрамханадан уландық деп шағым түсіргенімен, дәмхана әлі де келушілерді қарсы алып жатыр екен. Кәсіпкер арнайы тағайындалған сараптаманың шешімін күтетінін жеткізді. Сол күнгі құдалыққа уланғандарды қоса есептегенде, барлығы 48 қонақ келген.

«Бірден ауруханаға жаппай түскен азаматтар мәселесі бойынша Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде «Санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарды бұзу» бабы бойынша іс тіркелді.  Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деді  жеке кәсіпкер Эльмира МАХАНОВА.

«Науқастардың нақты неден уланғаны әлі  белгісіз. Бұл сауалға соңғы нүктені сараптама нәтижесі қоймақ. Қазірше белгілі болғандай, ауруханаға түскен 11 науқастың бірі ем-домын алып, үйіне қайтарылған», – деді Түркістан облысы Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат ҚАРАКӨЗОВА.

Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы, Шымкенттен


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Мейрамхана
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир