|
13.06.2018 | 13:03
1369

Таразда вокзал басшысы өз орынбасарымен жаға жыртысты


Таразда вокзал басшысы өз орынбасарымен жаға жыртысты. Темір жолдың тәртібіне жауапты қос басшының қып-қызыл төбелеске бару себебін Қазақстан темір жолы құпия сақтап отыр. Бірақ бейнабақылау камерасына түсіп қалған жайтқа байланысты бүгін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы пікір білдірді.  ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, іс әкімшілік сотқа жолданған. Сонымен қатар Төлебеков Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша  айыпты деп танылып, оған 24 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Кейін компания қызметтік тексеріс жүргізіп, вокзал басшысымен еңбек келісімшартын үзу туралы шешім қабылданған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир