"Алматы" телеарнасы "Selfie-Сәлем" бағдарламасына қатысуға шақырады​

"Selfie-Сәлем" бағдарламасының ережесі

Ағайын-тумаңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді туған күнімен, мерекемен, өзге де айтулы себептермен құттықтау, сәлем жолдау, ренжіскен жаннан кешірім сұрау, қызға сөз айту қабылданады;

1 минуттан аспау керек (мысалы, ән айтсаңыз 1 шумағы мен қайырмасын айтсаңыз жеткілікті);
Тілектен кейін (яғни, сөзіңізді айтып болған соң) міндетті түрде өнер көрсету керек (өлең оқып, ән айтып немесе би билесеңіз, тіпті флешмоб ұйымдастырсаңыз болады);
Ұялы телефонды көлденең ұстап жазу керек (түсіріп тұрған адамның қолы дірілдемегені жөн);
Дауысы анық шығу керек;
Дөрекі қылық, ауыр сөз болса қабылданбайды;
Бағдарламаның эфирге шығатын уақытын демалыс күндеріне жоспарлап отырмыз. Сондықтан алдын ала қамданып, кем дегенде 1 апта бұрын сәлемдеріңізді біздің нөмірге жібергендеріңіз жөн. Кешіктіріліп жіберілген сәлемдеріңіз келесі бағдарламада шығады (яғни екі апта өткен соң).