«Алматы» телеарнасының YouTube арнасында мектеп оқушыларының жетістігін насихаттауға арналған жоба көрерменге жол тартты.
Бала – елдің ертеңі. Оқуда озат, бармағынан бал тамған шебер, білекпен мыңды жыққан балуан, білімді, талант иелерін таныстыру – бағдарламаның негізгі міндеті.
«Өнерлі өреннің» кейіпкерлері де, бағдарламаны жасайтын жас журналистер де – шалғай ауылда білім алып жатқан оқушылар.
Жоба авторы Ботагөз Жөкенқызының айтуынша, таланттың бәрі ауылдан шығады. Тек оларға бағыт көрсетіп, қолдау қажет. Автордың мақсаты - жасөспірімдерді шығармашылыққа баулып, тұлға ретінде қалыптастыру.
Бағдарламаның алқашқы санында жас журналист Нұрәлі Бекзат Саттархановтай чемпион болуды армандайтын Ілімжанды көпшілікке таныстырады.
Бірнеше облыстық, қалалық жарыстың жүлдегері – ауыр салмақтағы балуан. Ол болашақта көк туды желбіретіп, елдің намысын қорғауды мақсат тұтады.
Жас спортшы айтқан жетістік сырын төмендегі сілтемеге өтіп, біле аласыз.