Еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы Орденмен ІІМ Алматы академиясы марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай шешімді ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының төралқасы қабылдады. Марапаттау рәсімінде Қауымдастық президенті Рахман Алшанов атап өткендей, Алматы академиясы біздің Республикамыздың осы марапатқа ие болған алғашқы жоғары оқу орны болып табылады.
Академияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмыстарға, есірткі бизнесіне, экстремизмге қарсыіс-қимыл және IT-криминалистер саласындағы мамандандырулар бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.
Академияның құқық қорғау жүйесі үшін курсанттан бастап жоғары буын басшыларына дейінгі кәсіби кадрларды даярлау жөніндегі көп жылдық тәжірибесі білім берудің жоғары деңгейі мен сапасы туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді.
Осындай жоғары награданы табыстау ІІМ Алматы академиясының ғылым мен білімді және құқық қорғау қызметінің озық тәжірибесін тиімді біріктірген жаңа буынның оқу орны ретінде танылуының жарқын айғағы болып табылады.