|
18.07.2024 | 12:48
703

Алматыда ескі мектептің орнына жаңа мектеп салынады

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындарының сұрағына жауап бергенде айтты

Алматыда ескі мектептің орнына  жаңа мектеп салынады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Ескі №72 мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындарының сұрағына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкіммен кездесуге келген аудан тұрғыны №72 мектептің тағдыры туралы сұрап, оқу орнының орнында жаңа тұрғын үй кешендері салынатынына алаңдаушылық білдірді.  

«Бұл мектеп өте ескі, балалар  оқушыларға толық сыныптарда сапалы білім ала алмайды. Сондықтан біз ескі ғимаратты бұзып, жобалық қуатын 380-ден 1200 орынға дейін арттыра отырып, жаңа заманауи мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізге қосымша жер қажет. Қала өсуде, халық саны өсуде, жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Бүгінгі таңда тәуелсіз бағалаушы жылжымайтын мүліктің 40 иесіне тексеру жүргізді. Мұнда ешқандай тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салынбайды!» - деді қала басшысы Ерболат Досаев.

№72 жалпы білім беретін мектеп Таугүл шағын ауданында орналасқан. Мектептің жобалық қуаты 380 оқушы орны (іс жүзінде 494 бала барады). «Асыл Тас» ТК құрылысы мен ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасының 8 кезегін іске асырғаннан кейін 2 мыңға жуық оқушы орны тапшы болады деп күтілуде.

Бұған дейін аудан әкімдігі мектеп аумағын кеңейту мақсатында жер учаскесін алып қою туралы өтініш білдірген болатын. Бүгінгі күні бағалаушы жылжымайтын мүліктің 40 меншік иесі бойынша тексеру жүргізді.

Қазір ескісін бұза отырып, жаңа мектеп ғимаратының құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың II тоқсанында басталады, аяқталуы – 2026 жылдың I тоқсанына жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18 көше жөнделеді



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир