|
12.09.2021 | 16:10
8902

Қазақстанда ең жас ЖОО ректоры тағайындалды

Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған

Қазақстанда ең жас ЖОО ректоры тағайындалды news-ru.arsu.kz

Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды. Су жаңа басшы республика бойынша ең жас ректорлардың тізіміне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған.

Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

«Осы университетке келудегі басты мақсат – кадр мәселесі. Конкурс жарияланып, Директорлар кеңесінің отырысында бұл мәселе бірнеше рет қаралды. Республикалық комиссияның шешімімен Лаура Қарабасова университеттің ректоры болып тағайындалды. Лаура Қарабасова М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебін үздік бітіріп, одан кейін осы университетте білімін жетілдіріп, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы ең беделді ЖОО-лардың бірі Уорик университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Назарбаев университетінде білімін жалғастырып, сол университетте менеджер мамандығынан бастап, департамент басшылығына дейін көтерілді. Осындай дүниежүзілік деңгейдегі білімімен, біраз тәжірибе жинақтай отырып Лаура Чапайқызы өз университетінде жұмыс істейтін болады», – деді министр өз сөзінде.

Жаңа ректор Лаура Қарабасованың жасы 34-те. Осылайша ол республика бойынша ең жас ректор атанды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир