Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті
Almaty.tv
Оның мөлшері конкурстың нәтижесіне байланысты тұрақсыз болып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұрын жалақы мөлшері 152 мың теңге болса, енді 257 мың теңгеге өсіп, 1 жарым миллионға дейін көтеріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді. Сөзінше, ғалымдардың жалақысы конкурстың нәтижесіне байланысты тұрақсыз болып келген.
«90 жылдары экономикалық жағдай өте ауыр болды. Сондықтан ғылымды қаржыландыру төмендеді. Ал 2011 жылдан бастап заңда қаржыландырудың үш түрі бар: базалық, гранттық және бағдарламалық қаржыландыру», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00