|
01.10.2021 | 16:17
1094

Алматыда ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Шарада ұлағатты ұстаздармен қатар, Тәуелсіздікпен құрдас жас мұғалімдер де марапатталды

Алматыда ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Қазан айының әр бірінші жексенбісі ұстаздар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Алматының Әуезов ауданында асыл жандарды құттықтау шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мұндағы ірі сауда ойын-сауық дүкендерінің бірінде аудан әкімі Сайран Сайфеденов мұғалімдерге «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хат табыстап, жылы лебізін білдірді. Көпжылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздармен қатар, Тәуелсіздікпен құрдас жас мұғалімдер де марапатталды. Оларға бағалы сыйлықтар табысталды.  

«Барлық осы ұстаздар қауымын осы бүгінгі келген төл мерекелерімен құттықтаймын. Дендері сау, әрқайсының отбасында бақыт, береке болсын. Барлық дана тұлға ұстаздан тәлім алатындықтан, ұстаздарға бас иіп тағзым етемін», – деді Ұлттық логопедиялық балабақшаның меңгерушісі Ғалия Шамаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир