Мектептерде телефон ұстауға шектеу енгізілуі мүмкін

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Қолданудың жаңа тәртіп-ережесі енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқушылардың сабақта смартфон ұстауы шектелуі мүмкін. Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған бастаманы Сенат та қолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. Жаңа заң жобасы бойынша енді бала мектеп партасында емін-еркін телефон қолданбайды. Оның өз тәртіп ережесі енгізіледі.

Медет Жақсылықұлының шәкірттері сынып табалдырығын аттағаннан телефонды ұмытады. Бұл - оның ұстаздық жолдағы жеке тәжірбиесі. Сабақ басталмай тұрып шәкірттерінің смартфонын жинап алады. Баланың зейіні басқа жаққа ауымас үшін осылай амалдаймын деді. Бастамасын енді мектептің бар сыныбына қолданып көрсем деген ойы бар.

- Сабаққа келгенде таңертең тапсырады. Ең соңғы сабақ аяқталған соң телефонын алып, үйіне қайтады. Қоңырау кезінде қолданбайды. Ол кезде біз кітап оқимыз немесе өзара бір пікіралмасу жүргіземіз, - дейді С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің мұғалімі Медет Біләл.

Сабақта отырып телефон ұстау оқушылар үшін қалыпты нәрсеге айналған. Енді шектеу қою ата-ана мен мұғалімдер өтініші бойынша қолға алынады. Мәжіліс әзірлеген құжатта құрылғыны тек қажет болған жағдайда қолдану ережесі қарастырылған. Онда да ұстаздың рұқсатымен.

- Бұл жерде бір нәрсені анық түсініп алу керек. Заң жобасында балаға мүлде телефонға тыйым салынады деп көрсетілмеген. Сабақтан соң смартфонды қолдана береді. Үйдегі ана-аналар қажет кезінде баласымен байланыса алмаймыз деп санайды. Шын мәнісінде шектеу тек оқу процесі кезінде ғана қолданылады. Бұл білім сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Біз халықаралық ережені мұқият зерттедік, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева.

Сенат депутаттары тиісті құжатты мақұлдады. Енді Президент қол қойса, ереже күшіне енбек. Министрлік өкілдерінің сөзінше бастама білім беру сапасына серпіліс әкеледі. Құжатта оқушылардың қауіпсіздігіне көңіл бөлінген.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, "Алматы" телеарнасы, Астана.

Оқи отырыңыз: Робототехникадан жас ғалымдар жеңіске жетті

Новости партнеров