|
10.04.2019 | 19:02
2326

Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар экономист-мамандарды даярлау мәселесін талқылады

Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар экономист-мамандарды даярлау мәселесін талқылады

Болашақ экономистерді дайындауда жұмыс берушілердің талабы ескеріледі. Яғни, қос тарап білікті маман дайындауда түрлі вебинарлар мен оқу бағдарламаларын жасайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақ Ұлттық университетінде өткен конференцияда Экономика және жоғары бизнес мектебінің ұстаздары айтты. Бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда шетелдік тәжірибелер де қолданылмақ екен.

«Конференция жұмысына Италиядан, Польшадан, Ресейден, Түркиядан қонақтар келіп қатысты. Біздің тараптан билікте жүрген түлектеріміз қатысып, жақсы диалог алаңы құрылды. Конференция тек проблемаларды талқылау үшін ғана емес, нақты келісімдерге келіп, меморандум жасасу үшін де ұйымдастырылды», - дейді ҚазҰУ ЭЖБЖМ факультеті деканының орынбасары Ақнұр ЖИДЕБЕКҚЫЗЫ.

«Мұндай конференцияны жиі өткізіп тұру керек. Өйткені, осындай жиындарда болашақ мамандар көзге түсіп, экономистер қалыптасады. Бәсеке бар жерде сапа болатыны анық. Қазақстан мен Италиядағы студенттердің аяқ алыстары жаман емес. Тек заман талабына сай мамандықты игерсе жеткілікті», - дейді Падуя (Италия) университетінің профессоры, PHD доктор Давид ЧЕЛЕТТИ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир