Биыл ҰБТ кезінде орнына басқа адамды кіргізбек болғандар саны көп болған

bilimdinews.kz
bilimdinews.kz
Талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеушінің нәтижелері жойылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл ҰБТ  кезінде өз орнына басқа адамды кіргізбек болғандар саны көп болған. Осыған қатысты тоғыз адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова жеткізді. Сонымен қатар, айтуынша, 756 түлек тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұған қоса, тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 1305 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Ал, 2021 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 69,08 ұпай болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 ұпайға жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз тестілеу өткізу рәсімін бақылаудан өткіздік. Камералардағы бейнежазбаларды жіті бақыладық. Бейнежазбалар жасау үшін «FACEIT жүйесі» бойынша 5 мыңнан аса камера пайдаланған болатынбыз. Биыл әрбір тестілеушіге калькулятор қолжетімді болды. Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазба 25 тамызға дейін талданады. Егер талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеушінің нәтижесі жойылатын болады»,‒ деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Новости партнеров