Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет болады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет міндетті түрде болады. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Енді білім беру нысандары бақылау жүйесімен, «дабыл» түймешегімен, өткізу жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Жалпы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған қанды оқиғадан кейін қазақтандық білім жүйесінде қандай кемшіліктер жойылмақ? Сарапшылармен тілдесіп қайтқан астаналық Almaty.tv тілшісі Қаламқас Нысанбай жалғастырады.

Жақында ғана Қазан қаласында болған қайғылы жағдай еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік қандай деңгейде деген сұрақ туындатты.  Жасөспірімнің қатыгез әрекетіне қарап мектептердегі психологтардың жұмысы бірден назарға алынды.  Бұл ретте Білім және ғылым министрлігіндегілер оқушылармен жұмыс істеуге психологтарға тіпті пандемия кедергі болмады дейді.

«Пандемия кезінде үйде отырған балаларға психологтар тікелей Zoom арқылы, уатсап желісі арқылы балаллармен, олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс жасады. Бұл балалардың күйзеліске түсіп кетпеуіне көмектеседі. Ол балалардың жалпы дүниетанымына, жеке адам ретінде мінез құлқының қалыптасуына бағытталған әртүрлі кешенді бағдарламалар бар», – деді Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Балабек Сақтағанов.

Мамандардың айтуынша, оқушылардың псхологиясына атыс-шабыс сарындағы компьютерлік ойындар да әсер етеді. Бір қызығы, статистика виртуалды ойындарға тәуелді жаңдардың орташа жасы 35 екенін көрсетеді.

«Қазір мынау әлемдік зерттеулерге сүйенетін болсақ, осы автоматты әсіресе атыс-шабыс ойындарды көрген балалар, осы мектепте жақсы оқыған балалар көп жағдайда сөйлемейді, үндемейді, себебі олар өзінің назарын сол ойыннан алады. Жаңағы бойындағы энегиясын сол ойынға жұмсайды. Әсіресе, тұйық балалар, ешкіммен сөйлеспейтін, қарым-қатынасқа аз түсетін балалар бұл осы ойынға кіріп кетеді», – деді психолог Камила Асыпқызы.

Ал, компьютерлік ойындар құмар ойындарға жатады деу қисынсыз, дейді имам Бақытжан Өткелбай. Десе де телефондағы түрлі ойындар мен видеолар баланың санасын улап келешекте құмар ойындар ойнаудың бастамасы болуы мүмкін деп пайымдайды.

«Ертеректе осы 2000 жылдары Ақтөбе қаласында осы компьютерлік ойын аппараттарында клубтарда көп ойнаған жас кішкентай балалар осы ойындағысын көріп ойындағыдай қолына пышақ алып, сыртта да соны істейміз деген. Сол кезде осы облыс бойынша компьютер ойындарына тіпті тиым салынған кездерде болды», – деді Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбай.

Айта кетейік, бүгінде елімізде небәрі 408 мектепте арнайы күзет бар. Бірақ осы білім беру нысандарының барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, 1 000-нан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылған. Айтпақшы, алдағы уақытта орта білім беретін мекемелерге қару-жарақ, пышақ, кастет, пиротехника құралдары мен газ баллондарын  және де өзге де заттарды әкелетін оқушылар қатаң жазаланбақ.

Қаламқас Нысанбай

Новости партнеров