Елорда күніне орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары анықталды

Елорда күніне орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары анықталды
Алматы телеарнасының редакциясына еліміздің әр өңірінен конкурсқа арналған 100-ге жуық құттықтау видеосы келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы жариялаған «Астана күні» орай ұйымдастырылған балалар арасындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық бала қатысты. Тәуелсіз елдің елордасына арнау өлеңін жолдаған тәп-тәтті балақайлардың арасынан ең ерекше дегендері іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар «Таңғы Studio» бағдарламасында марапатталды.

Елорда күніне орай ұйымдастырылған байқаудың 3-орын иегері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұрасыл Арынов болды. Ол 8 жаста. Ал, 2-орынды талдықорғандық балақай Қасен Қамұнов иеленді. Алиматылық 3 жастағы Айару Есболған байқау жеңімпазы атанды.

«Айару біздің байқауға қатысқан балалардың ішіндегі ең кішкентайы. Ол өлең оқығанда әртістік шеберлігімен, өзіндік ерекше харизмасымен, белсенділігі және тәп-тәтті былдырлаған тілімен бізді таңғалдырды. Балалардың ішіндегі ең ерекше құттықтау иесі Айару Есболған болды», ‒ деді «Алматы» арнасы бас директорының орынбасары Ралида Меңдігерейқызы.

Байқау жеңімпаздарына демеушілілер атынан ойын-сауық орталықтарына және мейрамханалық дастарханға арналған сертификат табысталды.

Толық нұсқасын осы видеодан көре аласыздар.


Новости партнеров