Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Биыл халқымыздың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілді. Бүгін, міне, қазақтың аяулы перзентіне зор құрмет көрсетіліп, еңселі ескерткіш орнатылды. Ірі тұлғалардың ерен еңбегін үлгі етіп, ұлыларды ұлықтау – басты парызымыз. Дінмұхамед Қонаевтың бойындағы ұлтжандылық жастарға жұғысты болсын! Қазақтың дара тұлғасының ескерткіші құтты болсын!» – деген Қанат Бозымбаев ескерткіш авторлары мен халықаралық «Дінмұхамед Қонаев қорына» алғыс айтты.