|
01.02.2021 | 01:01
5949

Бір оқиға тарихы «Бір мектеп» телехикаясы YouTube-тағы арнамызда

1 ақпаннан бастап «Алматы» телеарнасының YouTube-тағы арнасынан көрсетіледі

Бір оқиға тарихы «Бір мектеп» телехикаясы YouTube-тағы арнамызда

Бай-қуатты отбасынан шыққан оқушылардың мектептегі өмірі жайлы «Бір мектеп» телехикасы  1 ақпаннан бастап «Алматы» телеарнасының YouTube-тағы арнасынан көрсетіледі.

Сериалдың оқиғасы қаладағы ауқатты кісілердің балалары оқитын ақылы, жеке мектепке атақты актриса Ләззат Омарованың жұмысқа орналасуынан басталады. 

Мектеп мұғалімдері мен оқушылар танымал актрисаның театр мен кинодағы рөлдерінен бас тартып, мектептің қарапайым үйірмесіне жетекші болып келуін түсіне алмай, таң болады. 

Ол мектептің драма үйірмесіне көркемдік жетекші болып тағайындалады. Оның бұл мектепке келуінде үлкен құпия болатын. Ол қандай құпия? Неліктен актриса осы мектепті таңдап алды? Актрисаның жеке өміріне қандай қатысы бар? Мектептегі «үздік бестік» пен бас кейіпкердің арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді? 

Шиеленіскен оқиғаға толы жастар телехикаясын 1 ақпаннан бастап сағат 16.00-де YouTube-тағы арнамыздан көріңіздер!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир