Көкшетау тұрғыны кешенді тест тапсыруға той көйлегімен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Маңызды сәтте қалыңдықты күйеу жігіт те қолдап келген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа-тұс келіп түсті. Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауды шешкен бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!» - деп жазды ол.