|
15.01.2021 | 09:22
5771

Сарыөзек гарнизонында әскери қызметшілерге 52 пәтер кілті табысталды

Әскери қызметшілердің отбасы күрделі жөндеуден өткен пәтерлеріне қоныстануда

Сарыөзек гарнизонында әскери қызметшілерге 52 пәтер кілті табысталды

Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында – айтулы күн. Әскери қызметшілердің отбасы күрделі жөндеуден өткен пәтерлеріне қоныстануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Күрделі жөндеудің нәтижесінде көптеген үйлерге сән кіріп, жаңа кейіпке және тұруға ыңғайлы қалыпқа енді.

Барлық пәтерде су, жылу құрылғылары ауыстырылып, сондай-ақ толық ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, ішкі және сыртқы есіктер жаңартылды.

Үйдің сырты отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, балкондар металл жақтаулармен күшейтілген.

Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов пен аудандық пайдалану бөлімінің басшысы майор Бейбіт Жұмабаев қоныс тоймен құттықтап, кілттерді табыс етті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир