|
13.07.2020 | 12:35
4117

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр, деп атап өтті Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады  inform.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.

«Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр. Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу ­– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды», – деді Назарбаев.

«Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның ­– әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр», – деді ол.

Елбасы мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

«Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир