Қарағандыда жазасын өтеуші әйел 38 жасында мектеп партасына отырды
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ол 15 жасында оқуды тастап кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды колонияларының бірінде жазасын өтеуші әйел 1 қыркүйекте мектеп партасына отырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзінің айтуынша, ол 15 жасында тұрмысқа шығып, оқуды тастауға мәжбүр болған. Енді орта білім алу үшін оқуды жалғастыруға шешім қабылдаған. Өйткені болашақта жұмыс істегісі келеді.
«Мен есірткі заттарын сақтағаным үшін 10 жылға сотталдым. Қарағанды облысының 159/9 қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жазамды өтеу үшін түстім. Енді осында орта білім алып шықпақпын. Осы жаста мектеп партасына қайта отыру қорқынышты емес. Мектепті аяқтаған соң, еркіндікте жұмыссыз қалмау үшін аспаз мамандығын оқып шығамын», – дейді Любовь Кодрен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10