50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат – жалған

inform.kz
inform.kz
Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға "байланыстырылған" ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», – делінген хабарламада.

Новости партнеров