Жамбыл облысында кәсіпкер бірден үш отбасыға пәтер сыйлады (ВИДЕО)
Меценат қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, көптеген тұрғынды жұмыспен қамтыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында Қордай ауданының құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев «Туған елге тағзым» акциясы аясында тұрмысы төмен үш отбасыға пәтер алып берді.
Салыбаев қордайлық танымал меценат. 2017 жылы ол бес отбасының баспаналы болуына көмектескен, бұл жолы тағы үш мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлады жергілікті taraztv.kz.
Гүлмира Добай даяшы болып жұмыс істейді, екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Келіншек өз үйім болса деп армандайтын. Ол арманы Алғыс айту күнінде орындалды.
Жалғызбасты ана Раяна Бектұрова мен Әуелбек Балбек те баспаналы болды.
Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, ауданның көптеген тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34