Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған мерейтой Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Tоқаев өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той», делінген хабарламада.


Мұқағали жер бесікке енгенмен, күллі әдеби мұрасы ел бесігіне айналды. Тілі шыққан баладан үні дәуірлерге кеткен данаға дейін ақын өлеңдерін оқыды. 21 ғасырдың құрдасына айналған қазақ поэзиясының ақтаңгері Мұғали ақынның өмірі мен өкініші жайлы деректі фильмді 9 ақпан сағат 20.00-де «Алматы» телеарнасының эфирінен тамашалаңыз.





Новости партнеров