Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, көліктің өткізу қабілетін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттеу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көлік жүргізушілеріне түнгі уақытта анық көрінуі үшін 2023 жылы 95 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде қызғылт сары жиегі бар жол белгілері ауыстырылды. Сонымен қатар 102 көшеде жолдың екі бағытының ортасын бөлетін жалпы ауданы 264 280 шаршы метр жол таңбасы сызылған. 796 жаяу жүргіншілер өткелінде "Жаяу жүргіншілер өткелі" жол белгілері сызылған.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылады. Қазір балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жарақаттануына жол бермеу үшін жақын маңдағы 80 жалпы білім беру мекемесінде металл қоршаумен қоршалды.
Бұған қоса жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін 3 мыңнан астам жол белгісі орнатылып, 900-ге жуық "Ең жоғары жылдамдықты шектеу", "Назар аударыңыз, балалар", "Жаяу жүргіншілер" және т.б. ақпараттық-көрсеткіштік панельдер ауыстырылды.
Сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл 15 бағдаршам мен 40 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін (өту түймесі бар бағдаршам) салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр.
Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі