Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

kazpravda.kz
kazpravda.kz
Заңға жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту бойынша да өзгерістер енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңға жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту бойынша да өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзыреттер беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, заңда мына мәселелер де қаралды:

  • бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
  • ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу;
  • ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
  • әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 деп белгілеу;
  • жасына қарай зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін арттыру.
Новости партнеров