Қосшы ауылына қала статусы берілді

aqmolanews.kz
aqmolanews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» жарлыққа қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа Жарлығы жарияланды. Онда Целиноград ауданынан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылып, облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын, делінген. Ауыл әкімі Ержан Жолымбетов бұл өзгеріс елдімекеннің дамуына серпін береді деп сенеді.

«Жақсы өзгерістер болады деп ойлаймыз. Бірінші кезекте бюджет өзгереді деп ойлаймыз. Бүгінде  ауыл бюджеті 80 миллион болса, қала мәртебесі берілген соң ұлғаяды. Жолдар, тұрғын үй шарушалығы мәселесі шешімін табар. Екінші жағынан, қиындық мамандармен туындауы ықтимал. Қазір біздің штат 12 адам болса, енді 70 адамға дейін көбеюі мүмкін», – деді Қосшы селолық округінің әкімі Ержан Жолымбетов.

Айта кетейік, соңғы халық санағы бойынша Қосшы ауылының тұрғындар саны 60 мыңнан асқан. Осыдан 20 жыл бұрын елорда іргесіндегі бұл ауылда небәрі 1742 адам ғана тұрған. Қала мәртебесін алғаннан кейін елдімекенде мәселелер шешімін табатынына тұрғындар да үмітті.

БЛИЦ:

- Қала болған, әрине, жақсы өзіміз үшін. Бір өзгерістер болады деп ойлаймын. Біріншісі – су мәселесі. Бізде су проблема...

- Өте қуаныштымыз! Жаңадан мектептер салынса, балабақшалар салынса. Әрине, балалар көп. Бір мектептің ішінде 10-15 сыныптан. Жолды кеңейтсе деген ұсынысымыз бар.


Новости партнеров