|
20.05.2024 | 10:04
481

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті

Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді stranabolgariya.ru

Қазақстандағы ірі көлдердің бірі Балқаштың суы 8 см-ге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көлге трансшекарадық Іле өзенінің суы қойылып жатыр. Осылайша, көлдегі су деңгейі 8 см-ге толған.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте, дәлірек айтсақ, Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бекеттерінде бақылау орнады. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», - дейді Әбдуалиева.

Балқаштың көлі бұған дейін 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Қазір көлдегі су деңгейі 182 см-ге жеткен.

Оқи отырыңыз: Еуропаның үш мемлекеті су тасқынымен күресіп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Балқаш
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир