|
26.05.2022 | 10:09
4002

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халық әртісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Рубен Андриасян өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдарын жас ұрпақтың бойына сіңіре білгенін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халық әртісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев М.Лермонтов атындағы Орыс ұлттық драма театрының ұжымына Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Рубен Суренович Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Белгілі қоюшы-режиссер және білікті педагог Рубен Суренович театр өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ол ширек ғасыр бойы М.Лермонтов атындағы драма театрды басқарып, елімізде және шет елдерде жүзден астам қойылымдарды сахналады. Рубен Суренович кісілік келбеті жоғары жан еді. Өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдарын жас ұрпақтың бойына сіңіре білді. Рубен Суреновичтің есімі жадымызда мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, белгілі театр режиссері және педагог, Қазақстанның халық әртісі Рубен Андриасян 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир