|
18.11.2020 | 10:13
3450

Алматының мониторингтік топтары бір күнде шектеу шараларын бұзған 6 нысанды анықтады

Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады

Алматының мониторингтік топтары бір күнде шектеу шараларын бұзған 6 нысанды анықтады Фото: ашық дереккөзден

17 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтар карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 27 нысанды қамтыды, бұзушылықтармен 6 нысан анықталды. Қазіргі уақытта қала бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алмалы ауданының мониторингтік топтары Сейфуллин д. 483 мекенжайындағы «Мега Парк» СОО-ғы корей мейрамханасының 22.00-ден кейін жұмыс режимін бұзғанын анықтады.

Бостандық ауданында келесі бұзушылықтармен төрт нысан анықталды:

- Мұстафин к. 56/1 мекенжайы бойынша «CTR Chiken Алматы» тез тамақтану дәмханасы – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Мұстафин к. 56/8 мекенжайы бойынша Red Dragon фастфуд өнімдерінің дүкендері мен дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Мұстафин к. 56/2 мекенжайы бойынша Салам бро тез тамақтанудың дәмханалар және дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

- Наурызбай батыр к. 125 мекенжайы бойынша «Playstation» ойын клубы – нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен.

Медеу ауданында Достық д. 87а мекенжайындағы «Venezia» мейрамханасында сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.  

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық-эпидемиялық талаптар: белгіленген жұмыс режиімін, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимін сақтау, қызметкерлерді қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялық құралдарды (тоннельдер, кілемшелер және т.б.) орнату талаптарының толықтай сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир