Халық санағының тарихы: қашан, қалай жүргізілді

qyzylqoga.kz
qyzylqoga.kz
Қазақстанда бірінші ұлттық халық санағы 1999 жылы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Биыл кезекті халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтеді. Ал бүгінге дейін Қазақстанда қанша рет халық санағы өтті, Almaty.tv тілшісі баяндайды. 

Бұрынғы КСРО құрамындағы Қазақстан халқының соғыстан кейінгі санақтары 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары өтті. Ал тәуелсіз Қазақстанда бірінші ұлттық халық санағы 1999 жылы, ал екіншісі – 2009 жылы болды, санақты Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі ұйымдастырды. Барлық халық санақтары қағаз жеткізгіште әр адамға жаппай сауал салу арқылы жүргізілді. Санақ барысында қағаз жеткізгіште алынған деректер өңделіп, қалыптастырылып және жиынтық деректер түрінде жарияланымға жіберілген. 12 қарашада елордада 2009 жылы жүргізілген жалпы ұлттық екінші халық санағының түпкілікті қорытындысын жариялады. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы барлық халықтың саны - 16 миллион 9 мың 600 адам. 

Соңғы науқан 2009 жылы, келесі науқан 2019 жылы өтуі керек еді. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. Еліміздегі коронавирус инфекциясының таралуына және енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы қазандағы ұлттық санақ Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің шешімі бойынша биыл өткізіледі.

1-кезең

2021 жылғы 1 маусымнан бастап 30 маусым аралығында аудандастыру үшін тұрып жатқан халықты нақтылау бойынша тұрғынжайларды, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және тұрғын емес үй-жайларды аралап шығу.

2-кезең

2021 жылғы 1 қыркүйек бастап 30 қазан аралығында халық санағы

Дереккөз: sanaq.gov.kz, egov.kz

Новости партнеров