Жетісу ауданында су құбыры мен кәріз құрылысының жұмысы қашан аяқталады

Фото интернеттен / из интернета
Фото интернеттен / из интернета
Мердігер ұйым былтыр жауапсыз қызмет көрсетуші болып танылған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданында 2019 жылы басталған сумен қамту және су бұру бойынша екі тарихи проблемалық жобаның құрылысы аяқталып келеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саяхат, Мехкомбинат және 1-ЖЭО ауданында ұзындығы 57,5 км асфальт төсеу және желілер салу жұмысы бітті. Желілерді пайдалануға беру қазан айына жоспарланған.

Сейфуллин - Солтүстік айналма – Рысқұлов – Боралдай көшелерінің квадратында ауданның орталық және батыс бөлігін қамтитын сумен қамту мен су бұру  құрылысының сапасы тұрғындардың наразылығын тудырды. Мердігер «Электроремонт» ЖШС былтыр жауапсыз қызмет көрсетуші болып танылды.

«Әкімдік қабылдаған шаралардың арқасында жол төсемін қалпына келтіре отырып, 39 км желінің 31 км-де жұмыстар аяқталды. Қалған 8 шақырымдық жұмыс қазан айының соңына дейін бітеді», - деді қала басшысы.

Новости партнеров