Ақтөбеде оқушылар пышақтасқан: бірі мүгедек болып қалуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде бір топ мектеп оқушысы пышақтасып, нәтижесінде біреуі ауыр жарақат алған. Енді ол өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық басылымы «Бірінші Еуразия» арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, қаладағы төрт мектептің шамамен 40 оқушысы төбелескен. Полицейлер төбелестің себебін анықтап жатыр. Мектеп оқушылары зираттың маңында төбелес шығарған.
Сюжетте бірінші курс студентінің үйге қансырап барғаны айтылады. Үйдегілері болса, жедел жәрдем шақыруға да қорыққан.
«Ұлым мектепке барған, ол жақтан мұғалімдер такси шақыртқан. Жалпы ол үйде оқып жүретін. Содан оны шақыртып алды. Сол жақта барлығы оны пышақтаған», - дейді зардап шеккен оқушының әкесі Нұрлан Тенелов.
Дәрігерлер оның көп қан жоғалтқанын айтады. Туыстарына оның мұндай жарақаттан соң өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтқан. Полициядағылардың мәліметінше, «Денсаулыққа зиян келтіру» мен «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36