Бақылаушылар Ақмола облысындағы сайлау учаскелеріне барды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Бүгінде Қазақстанда 2 346 әкім бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының партиялық емес бақылау орталығының өкілдері сайлау учаскелеріне барып, 25 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақмола облысының партиялық емес бақылау орталығы» ҚБ басшысы Ерлан Закирьяновтың айтуынша, ауылдық округтерде бақылаушыларды оқыту жүргізілуде. «Бағдарлама дауыс беруді бақылаудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Партиялық емес бақылау орталығының бақылаушылары – сайлау процесінің тікелей қатысушылары емес», – деді ол. 

Партиялық емес бақылау орталығының байқаушылары Көкшетау қаласы, Станционный кентінің № 50 сайлау учаскесінде болды. Сайлау учаскелеріне барған кезде байқаушылар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жағдайларына, санитарлық нормаларға ерекше назар аударды.

Айта кету керек, Ақмола облысында бақылаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Барлық бақылаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді. Облыста барлығы 218 сайлау учаскесі ашылып, 95 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Мемлекет басшысы ауылдық округ әкімдерін сайлаудан кейін ауыл әкімдерін сайлауға көшуге болатынын айтқан болатын. Ағымдағы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Заңмен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі. Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі де төмендетілді. Заңға сәйкес, кандидатты саяси партиялармен, өзін-өзі ұсынумен, сондай-ақ жоғары тұрған әкімдермен ұсыну қарастырылған. Ауыл әкімі ретінде мемлекеттік қызмет туралы Заңның талаптарына сәйкес келетін жасы 25-тен кіші емес ҚР азаматы бола алады. 

Айта кетейік, бір адам екі рет қана ауыл әкімі бола алады. ҚР ОСК мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың барлығы қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған санаттағы 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр.

Новости партнеров