Павлодарда адам өлтіргені үшін сотталған ер адам қарттарға шәркей тігіп берді

www.inform.kz
www.inform.kz
Оған түрмеде отыруға тағы екі жыл қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адам өлтіргені үшін 2014 жылдан бері түрмеде отырған 40 жастағы ер адам қарттарға арнап 30 жұп үй шәркейін тікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Халықаралық Әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам Павлодар қаласы қарттар үйінің қарияларына 30 жұп үй шәркесін тікті», - деп хабарлады Павлодар облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінен.

Алексей адам өлтіргені үшін  2014 жылдан бері жазасын өтеп жүр. Оған түрмеде отыруға тағы екі жыл қалды.

«Осында жүріп, көп нәрсе ұқтым, өзіме түйін жасап, өзгердім. Бостандықты, жақындарыңның қасында болғанын бағалай білу керек екенін түсіне білдім. Бұл шәркейлерді жылуға мұқтаж жандарға әдейілеп тіктім. Газеттен 2020 жыл – Еріктілер жылы екенін оқыдым. Түрмеде отырғаныма қарамастан, көпшілікке бір пайдамды тигізгім келді», - деп ой бөлісті Алексей. Сотталушының сыйлығы Павлодар облыстық қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанындағы паллиативтік көмек бөліміне жіберілді.

Новости партнеров