|
20.11.2021 | 10:45
3969

Президенттің Алматыға жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды

Кеше таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

Президенттің Алматыға жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесті. Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты. 

«Кейінгі 1,5 жылдағы белгілі бір қиындықтар қаржы нарығына да оңай тиген жоқ. Мұндай жағдайда біздің басты міндетіміз экономикада да, қаржы жүйесінде де тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы кешенді шараларды іске асыру болды және солай бола береді. Негізі, біз өсім траекториясына шыға алдық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде. 

Бұдан кейін Президент жаңадан ашылған Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды. Президент 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев Айтқали Жақұтов атындағы екінші жылу электр станциясында болды. Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығына барды. 

Нысан «Шетсіз қала» стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир