«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3,5 млн. теңге сомасындағы грантты Алматы қаласының тұрғыны 31 жастағы Мухаббат Джумаева алды. Кәсіпкер бұл қаражатқа ноутбуктарға қызмет көрсету шеберханасын ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мен аналық платоларды, процессорларды, бейне карталарды, контроллерлерді кәсіби жөндеуді жүзеге асырамын, Windows операциялық жүйесін қалпына келтіремін, ноутбукке арналған керек-жарақтарды сатамын. Біздің нарық қарқынды дамып келеді. Менің бұл салада жүргеніме, қазір міне 6 жыл, бірақ білімімді кітаптар, интернет арқылы үнемі толықтырып тұруға, танымал шеберлермен ақылдасуға тура келеді. Кішкене болса да, компьтерлік техниканы жөндеуді түсіну үшін, кемінде 10 мың сағат қажет болады деп есептеледі. Мен 20 мың сағат жұмсадым және ізденуді жалғастырудамын», – дейді «PC plus» ЖК басшысы Мухаббат Джумаева.
Мухаббаттың мамандығы мұнай-газ саласының экономисі, алайда жастық хобби тартымдырақ және табысы молдау болып шықты. Компьютерлік техниканы жөндеу арзан тұрмайды, оның үстіне бұл қызметке сұраныс әруақытта жоғары.
«Кез-келген ноутбукта термопаста бар. Егер ол кеуіп кетсе, ноутбук қыза бастайды, ал қызған заттың барлығы тез бұзылады. Техниканы кәсіби жөндеуге апаруға тура келеді. Мен мұның келешегінің бар екенін түсіндім. Көбінесе, сатылымдар бұзылу себебін қаншалықты түсінетініңізге байланысты емес, оны клиентке түсінікті тілде қалай түсіндіре алатыныңызға байланысты. Мен клиенттерге өзімнің қызметімнің әр қадамын көрсете отырып және айта отырып, олармен үнемі сөйлесіп тұрамын. Зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, балаларға жөндеу жұмыстарын арзан бағаға жасаймын», – деді Мухаббат.
Ісін жаңадан бастаған және әрекет етіп жүрген кәсіпкерлерді қаржылық қолдау туралы Мухаббат кездейсоқ, аутизммен ауыратын балалар арналған дамыту орталығын ашуға грант алған құрбысынан естіп қалды.
«Мен Алматы қаласында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының барын білдім, ондағы кеңесшілер өте сыпайы. Құжаттарымды өткіздім, бизнес-жоспар құрдым, кейінірек өзімнің жобамды комиссия алдында қорғап шықтым. Маған 3,5 млн. теңге берді. Мультиметрлер, микроскоптар, бұрағыштар сатып алдым, жұмыс орындарымен орындар аштым. Енді компьютерлік және жөндеу бойынша оқыту курстарын ашқым келеді. Апалар келеді, ноутбукте бастапқы жұмыстар істеуге оқытуды сұрайды, бірақ мен оларға өз уақытымды босқа өткізе алмаймын. Сұраныстар бар, сондықтан өз бизнесімді дамытатын боламын», – деп қорытындылады кәсіпкер.