|
16.05.2021 | 10:59
1204

Жетісай ауданында 80 жастағы қария бақ өсіруді қолға алды

Әзімжан ақсақалдың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа пайдалы іске жарайтын мол мұраны қалдыру

Жетісай ауданында 80 жастағы қария бақ өсіруді қолға алды baq.kz

Жетісай ауданының диқандары бау-бақша өсіруді мықтап қолға алып келеді. Мәселен, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Қарой елді мекенінің тұрғыны 80 жастағы зейнеткер Алиев Әзімжан ақсақал өзінің иелігіндегі 10 гектар алқапқа қауын-қарбыз, жүзім, өрік секілді жеміс-жидек еккен. Соның ішінде 2 гектар жерге интенсивті бақ өсірген. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq-ке сілтеме жасап.

Ғұмырының тең жартысын медицина мен білім саласына арнаған, жоғары дәрежелі хирург Әзімжан ақсақал зейнетке шықса да еңбек етуден шаршамайды. Ташкент қаласында орналасқан Шредер атындағы ғылыми зерттеу институтында селекция жасалған баудағы алмалар мен шиелер Жетісайдың климатына икемделіп пісіп тұр.

Былтыр польшалық алмадан 2 тонна өнім алып, оны ауылдастарына тегін таратып берген. Биыл егілгеніне 4 жыл болған 200 түп шие ағаштары нышан көрсетіп жемісін беріп жатыр. Өз үйінде 20 тоннаға жуық көкөніс сақтайтын тоңазытқышы бар. Жиналған өнімдерді сонда сақтап, одан тиісінше қақ және тосап жасап немерелеріне жіберіп отырады. Баудан бөлек 3 гектар аумақтағы қауын-қарбызына қарап, тиісті шараларды тракторымен өзі жасай береді.

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген қағиданы берік ұстанған Әзімжан ақсақалдың негізгі мақсаты – пайда табу емес, болашақ ұрпаққа пайдалы іске жарайтын мол мұраны қалдыру екенін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир