|
29.06.2021 | 11:42
4841

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды

17 аймақтың үшеуінде былтырмен салыстырғанда азық-түлік тауарларына шығындардың қысқаруы байқалған

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды Фото: Liter.kz

Халықтың азық-түлік шығындары бір жылда шамамен алты пайызға көбейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Finprom.kz сайтының мәліметінше, былтырмен салыстырғанда қазақстандықтар алкоголь өнімдеріне ақша аз жұмсаған. 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың азық-түлік шығыны адам басына 96,7 мың теңге болған. Аймақтар бойынша бірінші отырда Алматы - 127,2 мың теңге. Екінші орында 117,1 мың теңге көрсеткішпен Павлодар облысы болса, үшінші орында ШҚО - адам басына 116,5 мың теңге.

Айта кетейік, 17 аймақтың үшеуінде былтырмен салыстырғанда азық-түлік тауарларына шығындардың қысқаруы байқалған, олар: СҚО, АҚмола облыстары мен Алматы қаласы.


Сектордағы шығыстардың басым бөлігі тікелей азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тиесілі: 90,2 мың теңге. Темекі өнімдері - 2,6 мың теңге, 2,4 мың теңге үйден тыс тамақтануға кеткен.

Азық-түлік тауарлары мен алкогольсыз сусындар категориясы бойынша, шығынның үштен бірі ет және ет өнімдеріне кеткен: 31,2 мың теңге. Сонымен қатар, нан, жарма және сүт өнімдері де бар.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир