Алматыда электроника және аспап құрастыру нарығы қалай дамып жатыр

пресс-служба Управления предпринимательства и инвестиций
пресс-служба Управления предпринимательства и инвестиций
«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы 2003 жылы тамызда құрылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 жыл бойы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында телекоммуникация, байланыс, электроника және аспап құрастыру саласында қызмет ететін «РТС Инжиниринг» ЖШС жұмыс істейді. Компания 1995 жылы құрылды, отандық тауар өндіруші деп танылды және «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АО В2 сауалнамасы бойынша білікті жеткізушілер тізілімінде тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«РТС Инжиниринг» ЖШС «Гранит» сериясы құрлықтағы жылжымалы қызметінің бұрышты модуляциясымен кәсіби, портативтік және мобильді УҚТ-радиостанцияларын, диспетчерлік кешендерге арналған цифрлық аппарат құралдарын, белгілердің көп арналы өңдеу жүйесін, дауыс зорайтқыш байланысы мен хабарландыру жүйесін шығарады. 

Компания өнімінің негізгі тұтынушылары:

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ,  «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ және құқық қорғау органдары. Қалған өтім нарығы – бұл олардың қызметінің ерекшелігіне сәйкес қажетті сапалы цифрлық радио байланыс ұйымдары: төтенше жағдайлар қызметтері, теңіз порттары және әуежайлар, мұнай-газ және химия салаларының кәсіпорындары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, муниципалдық компаниялар, қоймаларға қызмет көрсету компаниялары, күзет кәсіпорындары.

«Алатау» ИТП» АЭА ыңғайлы жерде орналасқан, жұмыс жағдайы қолайлы, жеңілдіктер беріледі. Бұдан бұрын біз ұқсас радиостанциялар өндірумен айналысқан болсақ, қазір бұл 136-174 МГц радиожиілігінің диапазонындағы DMR стандартының цифрлы жедел-технологиялық радиобайланысының толыққанды жүйесі. Ол қолданыстағы ұқсас радиобайланыспен салыстырғанда, жоғары сапалы радиобайланыстың, сондай-ақ жоғары деңгейдегі кедергілер жағдайында поездық радиобайланыстың қызметін қамтамасыз етеді», – деп айтты «РТС Инжиниринг» ЖШС директоры Владимир Кирпун.

Сондай-ақ компания КАМАЗ автомобилінің негізінде әзірленген келіссөздердің көп арналы цифрлық жазу регистраторларын, хабарландыру жүйесін, жедел кешенді байланыстарын шығарады. Осыдан  екі жыл бұрын, басшының айтуынша, кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі үшін «Мерседес Спринтер» негізінде жедел техникалық жарылғыш кешенін дайындап шығарды, ол сапер роботтарымен және сапер жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған.

«Бүгінгі күні компания Нұр-Сұлтанда станциялық радиобайланыстың цифрлық кешенінің пилоттық жобасын ойлап шығарды. Төрт негізгі станциялар орнатылды, олар тіреуіш жүйесіне қосылды, маневр локомотивтері жабдықталды, құрастырушылар мен белгі берушілерге радиостанциялар берілді, кезекшілер үшін жұмыс орындары ұйымдастырылды. Барлық негізгі жабдықтар IP арқылы өзара байланыстырылды. Қазіргі сәтте Нұр-Сұлтанда Қазақстан темір жолымен жұмыс істейміз, маневр жұмыстары үшін технологиялық байланысты өңдеп жатырмыз. Мұндай жабдықты қосымша жедел көмек, су арнасы, энергетиктер қызметі үшін пайдалануға болады. Жекелей зауыттар, ірі кәсіпорындар, шахталар үшін цифрлық радиобайланыс өндірісін дамытудамыз. Радиобайланыстың бұл түрінің – кең жолақты таратылған цифрлық радиожүйесінің – келешегі зор деп есептейміз», – деп атап өтті Владимир Кирпун.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2003 жылғы тамызда құрылғанын естеріңізге саламыз. 

Мақсаты – облыстарды технологиялық дамыту, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесіне енуін белсендіру, тиімділігі жоғары, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

Новости партнеров