|
22.04.2021 | 11:16
949

Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін

Жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары

Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін polisia.kz

Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал ол жұлып алған гүлдер сараптамаға берілген.

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер – Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары», – деді ведомство өкілдері.

Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

«Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлкті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін», – деді полиция қызметкерлері.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир