Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша аталды

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
Тоқсан басында ойынға арналмаған қосымшалар ішінде Telegram көшбасшы болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

SensorTower аналитикалық компаниясы 2021 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқсан басында ойынға арналмаған қосымшалар ішінде Telegram көшбасшы болды. Бұған дейін көш басында TikTok қосымшасы тұрған. Қаңтарда пайдаланушылар Telegram-ды 63 миллион рет жүктеп, орнатқан. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 3,8 есе көп.

Екінші орынға тоқтаған TikTok-ты қолданушылар 62 миллион рет жүктеп алған. Ал алғашқы бестікті Signal, Facebook және WhatsApp қосымшалары жапты. Құпиялылық саясатына қатысты жанжал WhatsApp көрсеткішіне қатты әсер еткені байқалады. Желтоқсанда WhatsApp iOS және Android үшін жалпы есепте де, жеке рейтингте де үшінші орынға ие болды, ал қарашада Android-тың жалпы есебінде көшбасшы болды.

WhatsApp құпиялылық саясатын 2021 жылы 6 қаңтарда жаңартып, 8 ақпанда қолданысқа енгізуді жоспарлаған еді. Алайда қолданушылар жағымсыз пікір қалдырып, қосымшаны сынға алғаннан кейін, WhatsApp тобы жаңа ережені 3 айға - 15 мамырға дейін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram қаңтарда мессенджерге 100 миллион қолданушы қосылғанын хабарлады. Павел Дуров бұл жағдайды «адамзат тарихындағы ең үлкен сандық көші-қон» деп атады.


Новости партнеров