|
15.02.2021 | 11:34
2718

Жол-көлік апатынан кімдер көп зардап шегеді: ерлер ме, әйелдер ме

IIHS сарапшылары 1998-2015 жылдар аралығында АҚШ-та болған ірі жол апаттары туралы мәліметтерді талдаған

Жол-көлік апатынан кімдер көп зардап шегеді: ерлер ме, әйелдер ме Shutterstock.com

АҚШ-та автомобиль жолдарының қауіпсіздігін сақтандыру институтының ғалымдары жол апаттарында ер адамдардан гөрі әйелдердің көп зардап шегетінін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі motor.ru-ға сілтеме жасап.

Сарапшылар «нәзік жандылардың осалдығы – қауіпсіздігі төмен көліктерді басқарумен байланысты» деген қорытындыға келген. 

IIHS сарапшылары 1998-2015 жылдар аралығында АҚШ-та болған ірі жол апаттары туралы мәліметтерді талдаған. Әйелдердің жол апаты кезінде өлу қаупі ер адамға қарағанда 20-28 пайызға жоғары екені анықталған. Сонымен қатар ерлерге қарағанда әйелдер ауыр әрі көп жарақат (37-73%) алады.

Бұл физиологиялық айырмашылық немесе әйелдердің аз дайындығынан емес, қауіпсіздігі төмен көліктерді басқарумен байланыстырылады. Әдетте, әйелдер қауымы жеңіл және шағын көліктерді басқарады. Ал соқтығысу кезінде кішігірім көліктердің осал боланы белгілі. Ал сарапшылар көлік айырмашылығын ескермеген жағдайда, ауыр жарақат алу немесе жазатайым оқиғадан өлім қаупі екі жыныста да бірдей болатынын айтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир