Алматы облысында қыз сатумен айналысқан 2 «жеңгетай» ұсталды

Алматы облысында қыз сатумен айналысқан 2 «жеңгетай» ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында «stop-трафик» арнайы іс-шара барысында жеңіл жүрісті әйелдерге «жеңгетайлық» көмек көрсеткен екі азаматша ұсталды. Күдіктілерді полицейлер қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Заңсыз әрекетке барған Талдықорған қаласындағы қонақүйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды.

«Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, жеңіл жүріске түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы тиісті мекемеге орналастырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес ұдайы жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар, облыс тұрғындарынан кез келген жағдайда полицияға хабар беруді сұрады.  

Новости партнеров