Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктелмек
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Үкімет қаулысына өзгерістер әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатқа сәйкес, министрлікке екі жаңа міндет жүктеледі:
- тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік белгілері бойынша құқықтарға қысым жасауға жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алу;
- өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;
Түзетулер Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы ХХХI сессиясында, сондай-ақ Үкіметке 2022 жылғы 27 шілдеде берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленген.
Құжат бойынша Ашық НҚА сайтында 4 қарашаға дейін пікір білдіруге болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
09.09.2026 21:40
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
9 қыркүйекке арналған валюта бағамы
09.09.2026 09:00