Қарағанды облысында ауыр қылмыс жасаған адам медицина мекемесінен қашып кетті

polisia.kz
polisia.kz
Оның үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында полиция ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері шілде айының 18-не қараған түні медицина мекемесінен қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. 35 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына хабарланды»,- делінген полицияның ақпаратында.

Қашқынның сырт белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.

«Қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларын сұрайды»,- деп мәліме етті полициядан.

Новости партнеров