Соңғы 9 айда 34 мыңнан астам қазақстандық елден көшіп кеткен

Соңғы 9 айда 34 мыңнан астам қазақстандық елден көшіп кеткен
Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей, Германия және Беларусь елдеріне кетеді екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелге кеткендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көбейіпті. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей, Германия және Беларусь елдеріне жиі кетеді. ranking.kz есебіне сәйкес, соңғы айларда Америка Құрама штаттарына 200-ден астам адам көшіпті. Одан бөлек, Қырғызстан, Израиль, Қытай, Түркия және Канада елдеріне де қоныс аударғандар бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Негізінен олардың көбі  – қала тұрғындары, яғни мигранттардың жалпы санының 84 пайызын құрайды. Биыл ауылдардан тек 5500-ге жуық адам көшкен. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында эмиграция деңгейі жоғары. Жалпы алғанда, осы 3 өңірден шетелге 15 мыңға жуық адам кетті. Ал ішкі жағдай бойынша Алматы, Түркістан облыстарында және Шымкентте керісінше көшіп кеткендерге қарағанда, көшіп барғандар үлесі артық. Жалпы Қазақстанға келгендердің көбі – Өзбекстан, Ресей және Қытай азаматтары. Биыл аспан асты елінен шамамен 700 адам, ал Ресейден 2000 астам адам келген.

Новости партнеров