Жамбылдағы жарылыс: Президент қайтыс болған 7 қызметкерді «Айбын» орденімен марапаттады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылысы кезінде қаза тапқан әскери бөлім қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әлімбаев Саят Жанатұлы (марқұм) І дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын»,  делінген жарлықта.

Сондай-ақ, І дәрежелі «Айбын» орденімен Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович (марқұм), қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) наградталды.

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды:

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Әбілбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм).

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Новости партнеров