|
10.02.2022 | 11:45
643

Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

Нәрестелердің салмағы – 2 келі 280 грамм, 2 келі 300 грамм және 2 келі 200 грамм

Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ арқылы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы Семей қаласының тұрғыны ЭКҰ арқылы үш баланың анасы атанды.

Ол мерзімінен бұрын – жүктіліктің 34-ші аптасында босанған. Нәрестелердің салмағы – 2 келі 280 грамм, 2 келі 300 грамм және 2 келі 200 грамм.

«Отбасымыз бұл бақытты 10 жылдан астам уақыт күтті. Былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау басқармасының жұмыс комиссиясының мақұлдауымен ЭКО-дан өтуге квота алдым. Бәрі ойдағыдай өтіп, бала көтердім. Қуанышымызда шек жоқ. Осы бағдарламаның арқасында қаншама отбасы сәбилі болып жатыр», – дейді үшемнің анасы Мақпал.

Айта кетейік, 2022 жылдың бірінші айында өңір бойынша 23 егіз және бір үшем жарық дүние есігін ашқан.

Биыл 488 әйелге «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде квота берілмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир