Үш қарақшы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, оңай жолмен ақша табуды жоспарлаған. Алайда 85 жастағы қария бұған жол бермеді.
Оқиға Ирландиядағы букмекерлік кеңсенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бетіне маска киіп, қаруланған үш қарақшы кеңсеге баса-көктеп кірді. Оқиға орнында үш адам мен менеджер болған. Бір адам ұрыларды көре сала қашып кетті. Екіншісі үстел астына тығылды. Ал 85 жастағы Дэнис О'Конор міз бақпады. Ол ақырын ұрыларға жақындап, біреуімен төбелесе бастады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Мұндай қолдауды көрген менеджер де екінші ұрыға тойтарыс берген. Ал үшінші қарақшы тапаншамен бөлменің басқа тұсында күтіп тұрған болатын. Қария оны да кеңседен қуып шықты. Сұқбат берген О'Конор мұндай көмектің салдарын ойламағанын айтты. Ол тек менеджерге көмектеспек болған. Қарияның айтуынша, кез келген адам осылай істейді. Алайда видеодағы өзге адамдарға қарап, мұны сенімділікпен айтуға болмайды.